Алматыда "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі

"Жаттығу мақсатына басқару, жариялау және байланыс жүйелерін ұйымдастыруды тексеру, сондай-ақ, тасқын жағдайында төтенше жағдай салдарын жою бойынша құтқару және өзге де қажетті жұмыстарға дайындалу және жүргізу бойынша күш пен құралдардың өзара ықпалдастығын тексеру жатады", - деп хабарлайды баспасөз орталығы.

Жаттығу барысында "Алматы қалалық құтқару қызметі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының инженерлік қорғаныс ұшқыр отрядының инженерлік және арнайы техникасын пайдалана отырып Алматы өзендерінің тасқын қаупі жоғары бөліктерін тазалау бойынша жұмыстарды орындау жайы пысықталатын болады.