Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың 9 айында жол полициясы басқармасына жол-көлік апаты туралы 26 мың 245 хабар келіп түскен, ал өткен жылғы осы кезеңдегі аталмыш көрсеткіш 29 мың 593.
"Жыл басынан бері жол полициясының қызметкерлері адамдар зардап шеккен 1927 жол-көлік апатын рәсімдеген, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 90 адамға кем",- деп хабарлады баспасөз қызметінен. Полицейлерсонымен қатар, адам өмірін қиған көлік апаттарының саны өскендігін атап өтті. Биыл көлік апаттарының салдарынан 193 адам қаза тапса, өткен жылғы осы кезеңде бұл көрсеткіш 160 адамды құраған. 2159 адам әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алған, ал өткен жылы 2247 адам жарақаттанған.
Сонымен қатар, полицейлер көлік жүргізушілерінің тарапынан көлік апатына әкеп соқтыратын жол қозғалысының ережелерін бұзу саны төмендегіндігін атап өтті.
Аталмыш кезеңде жол полициясы басқармасының қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты 140 мың деректі анықтаған, оның 139 мыңы - жүргізушілердің кінәсінен болған. 7850 адам көлікті мас күйінде басқарған. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 191 млн 327 мың теңгені құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті