Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Сейфулин даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылысында №40 бағыттағы автобус, "Тойота" және "Лексус" көліктері соғылған.
Қалалық "Құтқару қызметінің" баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көлік апаты салдарынан 6 адам жарақаттанып, қаланың ауруханаларына жеткізілген. Полицейлер жүргізушілердің кім екендіктерін анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті