Алматыда көлік апатынан зардап шеккен 1 жастағы сәби есін жиды

«Бала комадан шықты. 17 тамызда тыныс алу аппаратынан шығарылды. Қазір нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Баланың жағдайы әлі де ауыр саналады», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Алматыда Каменка шағын ауданындағы Гроза көшесінде ЗИЛ маркалі  су таситын көлік аударылды. Апат салдарынан 1 əйел жан сақтау шараларын жасау кезінде оқиға орнында қаза болса, екіншісі жедел жəрдем каретасында клиникалық өлім күйіне енген. Жапа шеккендердің арасында 1 жасар бала да болған. Бас миы шайқалған бүлдіршін бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты.

Жалпы апаттан 9 адам жапа шекті. 8 адам медициналық жəрдемге жүгінді.


Олардың 4-і қалалық ауруханаларға жатқызылды, үшеуі үйіне қайтарылды. Біреуі облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Оқиға орнында Наурызбай аудандық ІІБ өкілдері жұмыс жасап жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.