Алматыда көлік апатының салдарынан үш жаяу жүргінші қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 30-қыркүйекте Қарасу аулында "ауди-100" көлігінің жүргізушісі 30-35 жас шамасындағы белгісіз еркекті соғып кеткен, ол оқиға болған жерде көз жұмды. “Одан кейін осы көлік жүргізушісі "Ауди" көлігімен соғылып, оның 34-жасар жүргізушісі № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Әуезов ауданында 29-қыркүйекте "Мицубиси" көлігінің 46 жасар жүргізушісі тоғыз жасар қызды соғып кеткен, ол жедел жәрдем бригадасы келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алмалы ауданында 29-қыркүйекте Абай және Гайдар көшелерінің қиылысында "Мерседес" көлігін басқарып келе жатқан әйел 29 жасар қызды соғып кеткен, ол алған жарақаттар салдарынан жедел жәрдем бригадасы келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Осы күні, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Тойота Карина" және "Мицубиси Делика" көліктері соқтығысқан. "Көлік апатының салдарынан төрт адам зардап шегіп, қала ауруханаларына жеткізілді",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті