Апат таң бозаң бере орын алған. Оқиғаға куә болған жаяу жүргіншілердің айтуынша, Мәметов көшесімен бағытталған "Фольксваген Гольф" көлігі Қонаев көшесімен жоғары келе жатқан "Део Матиз" көлігін соққан.
Соққыдан өзбек көлігі аударылып, ішіндегі кішкентай бала оқиға орнында қаза болды.
Жапа шеккен өзге адамдар туралы құзырлы орган өкілдері түсініктеме беруден бас тартуда.
Қазір жол полициясының қызметкерлері апат себептерін анықтап жатыр.