Алматыда көлік өртенді (ВИДЕО)

Оқиғаны көзімен көрген жандардың айтуынша, тас жолмен келе жатқан «Лада-99» көлігінің алдыңғы тұсы кенеттен отқа оранған. Жүргізуші жедел шетке тоқтап, сыртқа шығып үлгерген.

Өрт көзді ашып-жұмғанша көліктің алдыңғы бөлігін, капотты жалмады. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бригадасы келіп жетті. Алдын ала анықтау бойынша, өрт қысқа тұйықталудан болған.