Алматыда көлік қаққан 12 жасар бала оқиға орнында қаза болды

Екеуі де жаяу жүргін жолынан өтіп келе жатқан. Сол кезде жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Хюндай» маркалы көлік қарама-қарсы жолаққа шығып, 12  жасар баланы қағып кетті. Бала сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмды.

Оқиғаның жай-жапсарын ІІД жол полициясы басқармасының мамандары анықтауда.