Алматыда көлік ұрлаған жалған полицей ұсталды

Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, бұрын сотты болған ер адам аз уақыт аралығында 626-шы үлгідегі төрт «Мазда» көлігін ұрлап мініп кеткен.

Ол айналасындағылардың күдігін туғызбас үшін ұры алдын ала полиция формасын сатып алған.

Биыл көктемде ол полиция киімін киіп алып қарақшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды.