Алматыда көлікте 2 адам тірідей жанып кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімет бойынша, 30 қаңтарда Алматы – Өскемен тасжолының 54 шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері соқтығысқан.

«Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қонаев қаласы ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.