Алматыда көліктердің соқтығысуы салдарынан бір адам қайтыс болып, төртеуі жарақаттанды


Жол көлік оқиғасы сәрсенбіге қараған түні Түріксіб ауданында, Жансүгіріов көшесінде болған. Бұл жерде 29 жастағы жүргізуші айдаған "Мерседес" көлігі мен 24 жастағы жігіттің басқаруындағы "КамАЗ" көлігі соғылған. Апат салдарынан төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілген. "Мерседес" көлігінің жүргізушісі "жедел медициналық жәрдем" бригадасы келгенге дейін көз жұмған.