Алматыда көліктің үстіне мұнаралы кран құлап түсті, краншы қаза болды

Алматыда сейсенбіде Әуезов ауданында құрылыс жұмыстары кезінде мұнаралы кран құлады, деп хабарлады ҚазақстанныңТЖМ.


           Ведомствоның мәліметтеріне қарағанда, кран "Фольксваген" көлігінің үстіне құлаған.
           Оқиға салдарынан алынған жарақаттан 51-жастағы краншы қаза болды, деп атап өтті министрліктен.