Алматыда колледж жаралысына күдіктінің қамау мерзімі ұзартылды

Аталған оқу орнындағы қайғылы оқиға өткен жылғы 17 қарашада болған еді. Әскери дайындық пәні кезінде граната жарылып, 14 студент жараланды. Ал колледж шәкірттерінің бірі Светлана Яковлева сол жерде тіл тартпай кетті. Осыдан кейін әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаевпен бірге бұрын оның орнында істеген Юрий Гавриленко да қамауға алынды. Ал зардап шеккен студенттер 1 айға жуық ауруханада ем қабылдап, кейін шипажайға жіберілген болатын. 

Loading...