Үш ұстазға "заңсыз қару-жарақ сақтады" деген баппен айып тағылып отыр. Бірақ алғашқы сот отырысы негізінен істі таныстырумен өтті. Белгілі болғандай, жарылыста жараланған жасөспірімдердің ата-аналары мұғалімдерді кешірген. Айтуларынша, абайсызда болған қайғылы оқиғаға бұлардың қатысы жоқ. Десе де соңғы нүктені сот қоюы тиіс. Оқыс оқиға былтыр қараша айында болған еді. Колледждің студенттері алғашқы әскери дайындық сабағында отырғанда, оқу құралы ретінде пайдаланған граната жарылып кеткен болатын. Салдарынан 13 студент жараланып, 1 қыз қаза тапты. Ол – 16 жастағы Светлана Яковлева.
Loading...