"Құтқару қызметінің" ақпараттарына сүйенсек, төтенше оқиға Түркісіб ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
"Төрт адам көмірқышқыл газымен уланып, токсикологиялық бөлімшеге жеткізілді. Олардың ішінде жас бала бар",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
58 жастағы әйел жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.
"Көмірқышқыл газынан улануға қолдан жасалған пештегі ақау себеп болған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті