Алматыда көмір қышқыл газынан алты адам уланды, оның екеуі бала

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша бүгін 3 сағат 21 минутта көмір жағатын пештің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан алты адам уланды. Зардап шеккендердің қатарында нәресте мен бір жасар бала бар. Қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.