Caravan Logo

Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Алматы қаласында жауған қарға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы.

«22:00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында 4 см қар, Каменское платосында 15 см, ал таулы аймақтарда 35 см қар түскені тіркелді», — деп жазылған хабарламада.

Қаланы қардан тазалау үшін жұмылдырылғандар:

«Айрықша назар таулы және тауға жақын аудандарға аударылды. Жаяу жүргіншілер жолдарын тазалауға 65 бірлік шағын техника тартылды. Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде ауа температурасы -6…-8 °C-қа дейін төмендейді, жел жылдамдығы 13 м/с-қа дейін күшейеді, ал жолдарда көктайғақ болуы мүмкін», — деп жазылған хабарламада.

Қала тұрғындарына мынадай ескертулер жасалды:

Коммуналдық қызметтер қарды үздіксіз тазалап, қала көшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.