Алматыда коммуналдық сала қызметкерлері арықтан жауынгерлік граната тауып алды

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпараты бойынша, гранатаны арық тазалау барысында тауып алған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қызметкерлері гранатаны тәркілеп, әскери полицияға табыс етті.