Алматыда "Компания премьер сити Казахстан" ЖШС құрылыс салушыларының жартылай бұзған үйде 4 отбасы өмір сүруде

"Бүгін қар аралас жаңбыр жауып тұр. Қаланың ортасында - Сәтпаев пен Шагабутдинов көшелерінің қиылысындағы жартылай бұзылған үйде төрт отбасы қалған. Бұл үйдің шатыры, терезелері мен есіктері алынып тасталған. Үйге берілетін көгілдір отын, су және жылу тоқтатылған",- деп хабарлады Д. Әленова. "Тіптен бір отбасына қатысты күшпен көшіру туралы сот шешімі де жоқ. Заңға сәйкес, егер бір тұрғын болса да пәтерінен көшірілмесе, құрылыс салушылар коммуникацияны үзуге, тіптен үй құрылысын бұзуға құқылы емес",- деп санайды Д. Әленова.

Оның айтуынша, үш отбасына, соның ішінде бір көп балалы отбасына "жатаханада бір бөлме алуға да жетпейтін мардымсыз өтемақы" ұсынылған. Олар 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлерде тұрады, ал өтемақы көлемі 70-тен 100 мың АҚШ доллары аралығында ғана.

Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі "Компания премьер сити Казахстан" ЖШС директоры болып табылатын Михаил Агошковтың бұл әрекетін "бұзақылық және заңды өрескел бұзушылық" деп атады. Сонымен қатар, құқық қорғаушының айтуынша, прокуратура "көптеген азаматтардың өтініштеріне қарамастан, құрылыс салушының заңға қайшы әрекетіне көз жұмып отыр".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті