Алматыда “Компот” дәмханасы өртке оранды

«11 шілдеде Алматы қалалық ТЖД-ның «101» қызметіне Медеу ауданындағы «Компот» дәмханасы өртеніп жатқаны туралы оқиғаны көрген адам хабарласқан. Алғашқы өрт сөндірушілер Космодемьянская көшесіне 6 минуттан соң жеткен. Олар келген уақытта дәмхана шатыры жалынға оранып үлгерген. Өрт сөндіру кезінде 5 газ баллоны және 1 оттегі баллоны шығарылды. Өрт сөндіруге гидранттардағы қысымның болмауы қиындық тудырды. Ғимаратты ұзақ уақытқа электрден ағытылуы да жағдайды қиындатты», – делінген хабарламада.


Бастапқы мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр тоғының беруде ақау себепші болған.
Өрт  ауыздықталып, толық сөндірілді. Жалын 600 шаршы метр жерді шарпыған. Одан ешкім зардап шекпеген.