Алматыда кондуктор қолма- қол теңге бермеген жолаушыны балағаттады

Рифат Әбдіраманов, «Алматы көлік холдингі» ЖШС өкілі:

-Жаңа жылдың алғашқы он күнін қалдырдық та 11-і, дүйсенбіден бастап барлық қолма-қол төлем түрлерін шектейміз деп шештік. Оған дейін қазіргі валидаторларды біртіндеп ала береміз.

Бұған дейін біресе 1-ші желтоқсан, біресе 1-ші қаңтар деп келген қала билігі ақыры нақты күнді белгіледі. Дегенмен, сынақ ретінде орнатылған жаңа аппараттар әлі де толық істеп жатқан жоқ. №54 бағыттағы автобуста болған осындай жәйтті оқиғаның негізгі кейіпкері телефонына түсіріп алған. Жолаушы қыз «Оңай» қондырғысымен төлем жасайын десе, аппарат істемей қалыпты. Ал кондуктор жолақыны қолма-қол төлеуді талап еткен. Теңгесін бергісі келмеген қызды кондуктор әйел тіпті бас-көз демей балағаттап тастады. 

Loading...