Таспада Volkswagen Transporter маркалы фургонның жүйткіп бара жатқаны анық көрініп тұр. Жылдамдықты шамадан тыс асырған көлікті бірнеше жол-патруль полициясы қуады. Фургон Мұстафин мен Торайғыров көшелерінің қиылысына келгенде аударылған. Полицейлер құжаттарын көрсетпей, қашпақ болған жүргізушіні қарудың көмегімен ғана тоқтатқан еді. 20 жастағы азаматтың контрабандалық жолмен киім-кешек тасымалдаған екен.
Loading...