Алматыда контрафакт бейнеөнімдерін өндіретін цех анықталды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Әуезов ауданындағы Ақбұлақ ауылында табылған қоймадан отандық және шетелдік фильмдер жазылған 5 мыңнан астам DVD-дискілер, сонымен қатар, контрафакт өнімдерді көбейтуге арналған аппаратура тәркіленді. Прокуратура фильмдерді одан әрі қала базарларында сату үшін көшірілгендігін анықтады.

Алдын-ала берілген мәліметтерге сүйенсек, құқық иесіне келген шығын шамамен 15 млн теңгені құрап отыр.

Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 184-бабының 3-тармағының, "в" тармақшасында қарастырылған қылмыс құрамы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ контрафакт көшірмелерді, туындылар мен фонограммаларды сату мақсатында алу, сақтау, өткізу немесе дайындау).


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті