Бұл - бүгін Алматыдағы 103 үйге жауапты «Жансая» пәтер иелері кооперативінің ұйымдастырған жиыны. Бірақ өзара ұрыстың көптігінен басқосудың басталуы біразға дейін созылды. Ал жалпы мұнда жұрт пәтер иелері кооперативінің жаңа басшысын сайлау үшін жиналған екен. Оған 6 үміткер ұсынылған. 3-уі тұрғындар арасынан, 3-уі кооператив мүшелері. Енді соның нәтижесі жарияланбақ.
-Жазбаша түрде 4052 адам дауыс берді. Дауыс беру өтіп кетті ғой. Ешкімді мәжбүрлеген емеспіз.
Сонымен, төрайым болып Нәйлә Ғұмжанбердиева есімді мына келіншек сайланды. Бірақ көпшілік оған дауыс берген жоқпыз деп шықты.
Елена Вожинская, Алматы қаласының тұрғыны:
-Біз жаңа кооператив басшысының басқа адам болғанын қалаған едік. Яғни тұрғындар арасынан шықса дедік. Сондықтан дауыс өтірік жасалған. Нәйлә деген бұрынғы төрайымның орынбасары болған. Оған ешкім дауыс бермеген. Сонда ол қалай төрайым болмақ?
Бірақ таныс тұлға болған соң ба, жаңа төрайым өзін жұртқа ресми таныстыруды құп көрмеді. Тіпте «ләм» деместен кете барған.
Дауыстың дұрыс саналмағанына сенімді жұрт бұл сайлауды жоққа шығармақ. Сөйтіп, кооператив басшылығына бәрібір өз араларынан біреуді отырғызамыз деп тарқасты.
Loading...