24-қыркүйекте 9 сағат 45 минутта Бостандық ауданындағы панельден тұрғызылған бес қабатты тұрғын үйде газ шығуы салдарынан газды-ауалы қоспа жарылды.
Оқыс оқиға салдарынан үш пәтер толығымен қирап, бесеуі жартылай бүлінді. Бес адам зардап шекті, бір әйел оқиға орнында мерт болды. Үш адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі ауыр , екі қарт әйел орташа ауыр жағдайда. Зардап шеккен бір адамға дәрігерлі көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты.
Жарылыс салдарынан 42 адам басқа жаққа көшірілді, баспанасыз қалғандар уақытша шатырлы қалашықта орналастырылды.
19 сағат 25 минуттағы жағдаймен іздестіру жұмыстары аяқталды. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға 179 адам мен 26 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру қызметінің 40 адамы мен 7 техникасы, сондай-ақ, "РОСО" мемлекеттік басқармасының 17 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті