Алматыда көп қабатты 15 үй апат салдарынан көгілдір отынсыз қалды

Апат салдарынан көп қабатты 15 үй көгілдір отынсыз қалды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары бүгін, 21-қазанда түске дейін аяқталуы тиіс.