Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданындағы "Керемет" тұрғын үй кешенінде 27 маусымда 05 сағат 30 минутта көп қабатты тұрғын үйде 7 қабаттағы пәтерде 80 шаршы метр аумақта өрт шықты.
Соның салдарынан 50 жастағы әйел қаза тауып, 4 -дәрежелі күйікпен 18 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды. 20 адам сыртқа шығарылды. Өрт 06 сағат 27 минутта ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 60 адамы мен 11 техникасының көмегімен сөндірілді.