Алматыда көпірден құлаған жігіт өлім аузында жатыр

Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Қазір науқас №7 аурухананың жансақтау бөлімінде 2-дәрежелі комада жатыр.

Түскен кезде аурухананың мультидисциплинарлық командасы науқасты қарап, барынша көмек көрсетті.

Оның басы жарылған, көкірек қуысының ағзалары мен өкпелері зақымданған, бас сүйегі сынған. Жігіт жарақаттан кейін 3 дәрежелі шок алған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 13-қазанда болған еді. Саин көшесіндегі көпірден ер адам құлап кеткен еді. http://www.inform.kz/kz/almatyda-kopirden-adam-kulap-ketti_a3074793


Полиция оқиғаның мән-жайын тексеруде.