Алматыда Корея іскерлік әлемінің жетекшілері - шетелдік корейлер қоры кеңесінің мүшелері бүкіләлемдік Ү форумға жиналды

Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті Юрий Цхайдың айтуынша, форум мақсаты - Қазақстандағы инвестициялық ахуалды зерттеу. "Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы мен саяси тұрақтылық Оңтүстік Кореялық кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырып отыр",- деді Ю.Цхай.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты дамытудың бір бағыты - кореялық озық технологияларды қолданысқа енгізу, деп пайымдайды Ю.Цхай.
Оның айтуынша, Кореялық кәсіпкерлер бірінші кезекте Қазақстанның мұнайгаз секторына, ақпараттық технологияларға, машина жасау және құрылыс салаларына қызығушылық танытуда.
Шетелдік корейлер қоры - Оңтүстік Корея республикасының сыртқы істер және сауда министрлігімен аффилирлік байланысы бар коммерциялық емес ұйым. 1996-жылдың 3-мамырында құрылған қорға қазір шетелдерде тұратын 6 млн. кәріс біріккен.