Алматыда коронавирус жұқтырған бір науқастың жағдайы нашарлады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Адырна" ұлттық порталы-на сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі таңда қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 16 науқас бар. Балалар ауруханасында жатыр екі адам және коронавирус диагнозы расталған бір әйел бар. Бір науқастың өкпесінде созылмалы обструктив ауруы бар болғандықтан оның жағдайы орташа дәрежеде, қалғандары қанағаттанарлық", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады.  Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. Ел астанасында 6 қадағалау бекеті орналасса, Алматыдағы мұндай бекеттердің саны – 27. Екі қаланың да санитарлық-эпидемияға қарсы шаралары күшейтілген режимге көшті.


Қазіргі мәліметке сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 36 (18-ден) науқас жұқтырушы анықталған.