Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында - 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.
Еске салайық, кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.