Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталғаны рас па?

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирустың жаңа штамына қатысты ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Журналистер эпидемиологтан "Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды ма?" деп сұрады.   

"Бүгінде Алматыда КВИ-дің жаңа штамы анықталған жоқ. Коронавирустың жаңа штамы пандемияның жаңа толқынына себеп болу ықтималдығы өте төмен, себебі вирус қайтадан өзгермейді, әсіресе дүние жүзі бойынша жаппай вакцинация басталып жатыр", - деді Әсел Қалықова. 

Еске салайық, бұған дейін Әсел Қалықова Алматыда эпидемиологиялық ахуал 
нашарлағанын
 айтқан болатын.