Ұсталғандардың айтуынша, автомат асынған белгісіз біреулер оларды қару-жарақ ұрлап, бас алаңда жүрген наразылық білдірушілерге таратуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы полициясы қару-жарақ дүкендерін тонағандар 19-20 жастағы жігіттер екенін атап өтті. Олардың жеке басы анықталды, құқыққорғаушылар басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Сол себепті тергеу мүддесіне байланысты тонаушылардың аты-жөні әзірге жария етілмейді.
Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.