Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.
Оның айтуынша, заңды белден басқандардың ішінде 1859 жақын шетелдердің азаматтары, 179 алыс шетел тұрғындары бар. Заң бұзу фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалып, 33 млн 749 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, әкімшілік соттың шешімі бойынша жыл басынан бері 343 шетел азаматы әкімшілік тұтқынға алынып, өрескел заң бұзушылық жасаған 190 мигрант Қазақстан аумағынан шығарылды.