У-шудан әбден мезі болған тұрғындар полицияға хабар беріпті. Сөйтсе, 2 қабатты коттедждің іші-сыртына дейін жезөкшелер қаптап жүр екен. Жасы әлі жиырмадан аспаған бойжеткендер өздерінше кәсібін домалатқан. Ал үй ішінде тазалық деген атымен жоқ. Соған қарамастан, келушілердің қарасы көп. Құрылысын жаңа бастаған үйдің қожайыны да осында жүр. Сірә, қыздардың қызығына ол да батса керек. Бірақ үйін азғындықтың ордасына айналдырған азамат тек айыппұл төлеп жазадан сытылып кетті.
Loading...