Алматыда крематорий ашылды: мәйітті өртеуді қолдайтындар көп пе?

Мәйітті өртеуді қолдайтындар да, қолдамайтындар да жетерлік.

Caravan.kz медиа порталының тілшісі Threads желісіндегі көпшіліктің пікірін біліп көрді.

Желі оқырмандарының пікірі мынадай болды:

Ал көріпкел Талғат Шаймерденнің сөзінше, түркітілдес халықта кремация деген болған.

"Ежелгі заманда марқұмды биік жерге тігілген киіз үйге орналастырған. Оны ең жақсы киімдерімен киіндіріп, қолына шарап немесе қымыз құйылған құмыра ұстатқан. Осылайша олар соңғы асты бірге бөлісті деп есептеген.

Туыстары киіз үйді жеті рет айналып өтіп, марқұмға тұрмыстық заттар әкеліп отырған. Ішке кірер алдында олар беттерін тырнап, өздерінің қайғысын білдірген.

Жеті күн өткен соң, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, киіз үйді құрбандыққа шалынған жауынгер атпен бірге өртеген. Сенім бойынша, жалын мен түтіннің арқасында марқұм сол құрбандық атымен бірге аспанға, Тәңірге аттанады деп есептелген.

Ал өртеп жіберуінің себебі — қасиетті от марқұмды өмір бойы жиналған кірден және барлық жамандықтан тазартады деген наным болған", - деді көріпкел.

Еске сала кетейік, 30 сәуір күні Алматы қаласында Қазақстандағы тұңғыш крематорий ашылды. Ол Алматыдағы Алатау ауданына қарасты Алғабас ықшамауданында, жаңа зираттың маңында орналасқан.