"Бұл көркемдік мектептің жұмыс істеп келе жатқанына он жылдан астам уақыт өтті. Осы уақытқа дейін біздің атқарған жұмысымыз - ЮНЕСКО, Еуропалық комиссия, Алматы әкімдігі, Мәскеу үкіметі және Чехия Республикасы Елшілігінің ілтипатына ие болды. Сондай-ақ түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, қалалық байқаулар мен көрмелердің қатысушысы және жеңімпазы болып жүрміз", дейді мектеп директоры Ирина Крупения. Оның айтуынша, білім ордасы бұл көрмеге академиялық кескіндемелер мен суреттер, станокты композициялар, графика, мүсін, колаж, керамика мен әйнекті әшекейлеу, қуыршақтар мен декоративтік өрнек, батик және киім-кешектің әшекейлерін қоймақ. Оны қала тұрғындары мен қонақтары 2 апта бойы тамашалай алады.