«Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль мақсаты Куба туралы көбірек мәлімет тарату, оның мәдениетімен, дәстүр-салтымен таныстыру.
«Кубалық мәдениет мерекесі Алматыда өте танымал, және біз «Viva Cuba!» фестивалі Қазақстанның мәдени астанасының жазға бастайтын есігі болады деп үміттенеміз», - делінген хабарда.
Жоба ясында балалар суреттерінің конкурсы болып, Кубадағы медицинаның соңғы жетістіктері туралы ғылыми конференция өтіп және фуршет өткізіліп, онда қызуқанды кубалық би сүйемелдеуімен кубалық асхана туындылары саудаға салынады. Барлық шара қонақтары қала әкімшілігінің өкілдері, Куба елшісі, консулы, сауда және басқа да бөлім өкілдері болады.
Фестиваль «A-Club» ойын-сауық орталығында өтеді.