Алматыда күйзелістен арылтатын ерекше орталық ашылды

Ерлан, Александр және Гүлбаршын – әйгілі «Негры» ансамблінің мүшелері. Алматыда «Квеструм» ашылыпты дегенді естіп, бүгін бірден осында келген жайлары бар. Өзара ақылдаса келе, топ сынақты бірінші тергеу бөлімінен бастауды құп көрді.   Ал мұндағы шарт бойынша, берілген бір сағат ішінде ойынға қатысушылар бөлмеден қашып шығудың амалын қарастыруы тиіс. Ол үшін қылмыскер ретінде ойланып, әрекет жасау міндет. Музыканттар тапсырманы 58 минутта орындадыю

- Әзер шықтық.

Негры» ансамблі:

- Осылай шаршаудан арылып, арасында сергуге болады екен. Құдды бір кинода жүргендей сезіндім өзімді. Әйтпесе, күндіз-түні студияда отырып, жынды болып кете жаздап едім.

«Квеструмдағы» тағы бір бөлме «лаборатория» деген атауға ие. Сыртқа шығар кілт, сіз ойламаған жерде жасырынған. Тек оны табу үшін мұнда түрлі химиялық реакция жасап көру қажет. Экстримге құмарларға ұсынар қызық мұнымен де шектелмейді.

- Мәселен, мына бөлме тұтқындарға арналған. Төрт жағынан төрт әдіспен байланған төрт адам босатылып, бір-біріне көмек беруі тиіс. Мынау тәрізді. Егер бөтен біреу келіп көмектеспесе бұдан босатылуың қиын-ақ. Осының бәріне мұнда да 1 сағатқа уақыт берілген
.

Орталық жетекшісі Светлана Цыганова мұндайда Санк-Петербургке барғанда көріпті. Сөйтіп, 5 миллионға жуық қаржысын шығындап, осы ойынды Алматыда ашқан.

Светлана Цыганова, орталық жетекшісі:

- Бұл идеямызды барлығы жақсы қабылдады. Келушілер саны көбейіп жатыр. Сондықтан келер жылы бөлме санын 3 еселеп, балаларға да орталық ашсақ дейміз.

Айта кетерлігі, демалыстың бұл түрі тегін емес. Бір бөлмедегі ойын ақысы үшін 4-5 адамнан құралған топқа 12 мың теңгеге дейін шығындалуына  тура келеді. 

Loading...