Алматыда күл қоқыс үйіндісінде улы заты бар күбі табылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша, 3 сәуірде сағат 1.00-де күл қоқыс үйіндісінде құрт құмырсқа мен кеміргіштерді жоятын "инсектицид" сұйық заты бар 200 литрлік күбі табылды. Оның құрамында күкірт ангидриді (1,2 мг/м3, 20 есе нормадан артық (ПДК) және аммиак (41,2 мг/м3 - 2 есе артық ПДК) қоспасы бар екендігі анықталды.

"Улы заты бар күбі табылған жерге құм себілді. Улы затты санитарлық эпидемиологиялық департаменті қызметкерлері тәркіледі ", -деп хабарлады баспасөз қызметі.