Алматыда күндіз көлік жуып түнде тәнін сатқан жезөкшелер ұсталды

Көлік жөндеу станциясының ішінде 20 бөлме! Бірақ, бұл төсектерде жатқан механиктер емес, нағыз «еңбекқор» әйелдер. Күндіз көлік жуып, түнде төсек үстінде табыс табады.          

-Ойбай, түсірме.  

Техникалық қызмет көрсету орталығының іші клиентке де толы. Бір бос төсек жоқ. Нәпсіқұмарлар кіре берісте де бірінен соң бірі кезекте тұр. Жасырын қонақ үйде «түнгі көбелектің» түр-түріне тапсырыс беруге болады екен. Тіпті, айы-күні толған жүктілер де «жұмысқа» дайын тұр.    

Сіз жүктісіз ба?

Иә

Бұл мына кәсібіңізге қиындық тудырмай ма?

Жоқ, кедергі келтірмейді.

Сөйтсе, барлығы 50 қыз-келіншек көлік жөндеу орталығын мекендеген екен. Әлі күйеуге тимеген студент қыздар жетерлік. Көбі Шымкент қаласынан оқу іздеп келгендер.

-  
Отбасыңыз балаларыңыз  бар ма?

Қай жақтансыз?

Шымкент

Ал мына нәпсісін тия алмаған азамат бұл түні біраз қызықтан қағылды. Тапсырыс берген жезөкше орнына бөлмесіне полицейлер ентелеп кірді. Бұтын жауып үлгергені сол еді, тәртіп сақшылары сүйреп әкетті. Шырт ұйқыдағы жігіттерді де тәртіп сақшылары төсектен тұрғызды. Бұл таңды олар жезөкшелермен бірге бөлімшеде өткізеді. Тек көлік жөндеу орталығының қожайыны таптырмады. Жасырын «қонақ үй ашып», ішін жын-ойнаққа айналдырған «жеңгетай» енді кемі 3 жыл бостандық көрмеуі мүмкін.