Алматыда күш құрылымдары лаңкестерге қалай тойтарыс беретінін көрсетті

Таңсәріде Алматы іргесінде болған атыс пен жарылыс жергілікті тұрғындардың зәресін алды. Лаңкестер Боралдай маңындағы мұнай қоймасына бомба қойып, бірнеше адамды тұтқынға алған. Сөйтіп, олар елден кету үшін ұшақ талап етіп, автобуспен әуежайға қарай бет алады.

Дәл осы уақытта шұғыл штаб құрылып, күш құрылымдары өз жұмысын бастайды. Бірінші кезекте қауіпті нысандағы жарылғыш заттың көзін жою қажет. Арнайы техника өз міндетін орындағанымен, бензин тасығыш көлікке жасырылған екінші бомба іске қосылады.

«Арыстан» жасағы аэродромға лаңкестерден бұрын жетеді. Ол үшін бір топ әуеден парашютпен секірсе, екіншісі тікұшақтан арқанмен түсті. Санаулы минутта шабуыл жоспары ойластырылып, сарбаздар өз жұмысына кірісті.

Барлығы ойдағыдай өткенімен, лаңкестердің сыбайластары бар екені анықталады. Бейбіт тұрғындар жапа шекпей тұрғанда полицияның арнайы жасағы іске кіріседі.

Сөйтіп бұл қаскөйдің де көзі жойылды. Тағы бірі қашып құтылуға әрекеттенгенімен, полиция оны да алдысқа ұзатқан жоқ.

Марат Ерменов, ҰҚК Алматы қалалық департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Қызмет органдарына лаңкестікке қарсы Алматы қалалық штабына көрсету жұмысы. Бүгін жаттығу өткізгенімізді көрдіңіздер. Жалпы жаттығуға оң баға берілді. 

Жыл басынан бері тек Алматының өзінде лаңкестікке қарсы 9 ірі жаттығу өткізілген. Бүгінгісі оның ең ауқымдысы. Себебі жеке құрамның 800 қызметкері, 50 арнайы техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды. 

Жаттығу соңында лаңкестердің көзі жойылып, бірнешеуі қолға түсті. Ал тұтқындалған азаматтардың барлығы дін аман. Белсенділік танытқан арнайы жасақ сарбаздары мен оларға қарсылық танытқандардың рөлін сомдағандарға сыйлықтар табысталды. Мамандардың айтуынша қойылым іспеттес жаттығу шынайы өмірде мүлдем басқа сипат алар еді.

Loading...