Алматыда қызыл түсті су ағып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik .kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл көрініс қала халқының үрейін ұшырды.

"Бір апта бойы жаңбыр жауған жоқ, бірақ өзен қайтадан қызыл, улы суға айналды. Бұл – табиғат емес, бұл – суды улайтын және қала экологиясын құртып жатқан кәсіпорындардың шығарған заттары", - дейді қала тұрғыны әлеуметтік желіде тараған видеода.

Тұрғындар Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы мен Алматы қаласының прокуратурасына талап қойып жатыр.

"Суды улағандар мен кінәлілерді анықтаңыздар. Оларды жауапқа тарту керек", - дейді алматылықтар.

Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлімсейітов түсініктеме берді. Ол Sputnik Қазақстан тілшісіне күні кеше сынама алынғанын жеткізіп, оның нәтижесі туралы қосымша хабарланатынын айтты.