Алматыда Lada Priora жүргізушісі үлкен жылдамдықпен жолдағы бірнеше жұмысшыны қағып кетті

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Станиславский мен Тәттібеков көшелерінің қиылысында болған. Жұмысшылар жолдағы шұңқырларды жөндеп жатқан. Жөндеу жұмысының орны белгіленген. 

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан Lada Priora жүргізушісі екі жұмысшыны байқамай қағып кеткен. Оқиғаның видеосы Желіде таралып жатыр. 

Нәтижесінде 40-45 жастағы екі ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Апаттың жай-жапсарын полиция зерттеп жатыр.