Алматыда лай көшкін түсті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Мекеме ақпаратына сәйкес, Медеу ауданында, Кіші Алматы өзенінде 15-сәуірде 6 сағатта нөсер салдарынан тұрақсыз топырақ қабаты ылғалға қанығып, өзеннің шығыс жақ жағалауында 150 текше метр топырақ опырылып түсті. Бірнеше жер үйдің аумағында лай көшкін түсті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Топыраққа түсетін ауыртпалықты азайту үшін шаруашылық жайлары құлатылды. Лай көшкіннің зардаптарын жоюға 39 адам мен 10 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті