Алматыда лай көшкін жүрді, құрбан болғандар мен бүлінген ештеңе жоқ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17-мамырда 21 сағат 52 минутта Алма Арасан маңында МАИ бекетінен жоғары жолдың көтеріңкі тұсынан лай көшкін жүріп, ол жолды бөгеп, баяу аға бастаған.

"Қазселденқорғау" қызметкерлері жолды топырақтан тазартты. Көшкін 18-мамырда толық тазартылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті