Алматыда лай-көшкін тұрғын үйді жартылай қиратып кетті. Құрбан болғандар жоқ.

Министрлік ақпаратына сәйкес, 5-сәуір күні 0 сағат 17 минутта Көктөбе ауылында саманнан тұрғызылған жеке меншік үйді лай-көшкін шайып кетті. Соның салдарынан үйдің сыртқы қабырғасы құлады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Үй тұрғындары басқа жаққа көшірілді. Лай-көшкіннің түсу себептері анықталып жатыр.