2011 жылы желтоқсан айында Боралдайда Хасен Ағжан бастаған қылмыстық топтың көзі жойылған. Солардан және олардың кейін ұсталған сыбайластарына тәркіленген қаруларды жою туралы сот шешімі енді ғана шығып отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері сол қарулардың барлығын зауыттың темір балқыту пешіне әкеп тастады. Одан бөлек, 12 жарылғыш зат пен 7 бірдей граната және 200-дей патрон көзін құрту үшін арнайы полигонға әкетілді. Сондай-ақ, бұл қарулармен бірге 10 келі есірткі де отқа тасталды. Гашиш 5-ші ақпан күні Қазақстан және Тәжікстан азаматтарынан тәркіленген. Жалпы, өткен жылы жарты тонна героин, 45 келі гашиш пен апиын, тағы 150 грамм кокаин өртелген екен.
Loading...