Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтіп жатыр

Алматы қалалық «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы орталық кеңесінің (ДШСҚ ОК) ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп жатқан спорттық шараға еліміздің әр облысынан 160-тан астам бала қатысуда.

"Шараның мақсаты - жас жеткіншектер арасында спорттың мәнерлеп сырғанау түрін кеңінен насихаттап, дамуына үлес қосу, сонымен қатар жас ұрпақтың денешынықтыру болмысын қалыптастыру, жалпы көпшілікті спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру болып табылады", - дейді жарыстың ұйымдастырушылары.

Республикалық ашық біріншіліктің жеңімпаздары 30 наурыз күні өтетін жабылу рәсімінде марапатталатын болады.