Алматыда 18-24 ақпан кундері конькимен жүгіруден ҚР Кубогының финалдық кезеңіне дайындық жүргізілуіне байланысты Медеу мұз айдыны жабылып, жаппай сырғанау тоқтатылады деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы спорт басқармасының мәліметінше, жарыс жанкүйерлері үшін мұз айдынына кіру ашық болады.
"21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің 7 облысының спортшылары қатысады", - деп хабарлады қалалық спорт басқармасынан.